← tarlan-sarbaz.kz · Русский

Құпиялылық саясаты

2026 жылғы 23 қазандағы редакциясы

Бұл саясат «Тарлан Сарбаз» ЖШС (сауда белгісі — «Тарлан», бұдан әрі — «Компания») клиенттермен байланыс кезінде — сайттағы өтінім формасы арқылы, WhatsApp-та және электрондық пошта арқылы — дербес деректерді қалай өңдейтінін және Сіз оларды қалай басқара алатыныңызды түсіндіреді. Саясат Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жасалған.

Дербес деректер операторы: «Тарлан Сарбаз» ЖШС, БСН 100340004231

Мекенжайы: 050040, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрлыбаев көшесі, 8-үй

Деректерге қатысты мәселелер бойынша байланыс: info@tarlan-sarbaz.kz

1. Сайт

tarlan-sarbaz.kz сайты тіркелуді талап етпейді және cookie файлдарын қолданбайды. Сайтта дербес деректерді бізге тек өзіңіз — өтінім формасы арқылы бересіз (2-бөлім). Сонымен қатар келушілердің иесіздендірілген статистикасы жүргізіледі (Umami сервисі): қандай беттер ашылғаны, құрылғы түрі, ел — келушінің жеке басын анықтамай.

2. Сайттағы өтінім формасы

Өтінім формасы арқылы өзіңіз көрсеткен мәліметтерді аламыз:

Спамнан қорғау үшін сайт сервері құрылғыңыздың IP мекенжайын және форманы толтыру уақытын алады. IP мекенжайы тек өтінімдер санын шектеу үшін пайдаланылады және біздің ақпараттық жүйемізде сақталмайды.

Өтінімді жіберу мүмкін болмаса, форма сол мәтінді бізге WhatsApp арқылы жіберуді ұсынады — онда ол кәдімгі WhatsApp хабарламасы ретінде келеді (3-бөлім).

3. WhatsApp-тағы және поштадағы хат алмасу

Сіз бізбен WhatsApp-та немесе электрондық пошта арқылы хат алмасқан кезде бізде мыналар сақталады:

Ұйымдар туралы мәліметтерді (атауы, БСН, жалпыға қолжетімді байланыс деректері) ашық дереккөздерден — мемлекеттік сатып алу порталдарынан және ұйымдар анықтамалықтарынан аламыз.

4. Деректерді не үшін пайдаланамыз

5. Келісіміңіз және өңдеу негіздері

Сайтта өтінім жіберу арқылы Сіз онда көрсетілген дербес деректерді 4-бөлімдегі мақсаттар үшін жинауға және өңдеуге Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес келісім бересіз. Осы саясатқа сілтеме жіберу түймесінің астында тұр. Бізге WhatsApp-та немесе поштамен жазғанда не біздің хабарламамызға жауап бергенде келісім дәл осылай беріледі. Сондай-ақ деректерді шарт жасасу және орындау үшін қажет болғанда және заңда көзделген жағдайларда өңдейміз.

6. Деректер қайда және қанша уақыт сақталады

Сайттағы өтінім қорғалған байланыс арқылы Компанияның ақпараттық жүйесіне беріледі. Деректер Қазақстан Республикасының аумағындағы (Алматы қ.) серверде сақталады.

Деректерді өтінішті қарау аяқталғанға дейін сақтаймыз.

7. Деректеріңізді кім көреді

Компания ішінде өтінімді жеке есептік жазбасы бар уәкілетті қызметкерлер ғана көреді: кіріс өтініштерге жауапты қызметкер, өтініміңізді жүргізетін қызметкерлер (ол бойынша бірден жұмыс ісі ашылады), таратылымдарды басқаратын қызметкерлер және жүйе әкімшісі. Қол жеткізу құқықтарын жүйе тексереді, деректермен жасалған әрекеттер журналға жазылады.

Деректеріңізді сатпаймыз және үшінші тұлғаларға олардың өз мақсаттары үшін бермейміз. Деректер техникалық тұрғыдан мына сервистер арқылы өтеді:

8. Сіздің құқықтарыңыз және келісімді қалай кері қайтарып алуға болады

Кез келген уақытта бізде Сіздің қандай деректеріңіз бар екенін біліп, оларды түзете, келісіміңізді кері қайтарып ала, таратылымнан бас тарта немесе деректерді жоюды талап ете аласыз.

Келісімді кері қайтарып алу немесе деректерді жою үшін info@tarlan-sarbaz.kz мекенжайына немесе бізбен хат алмасқан WhatsApp нөміріне «Келісімімді кері қайтарамын» немесе «Деректерімді жойыңыз» деп жазып, қалдырған телефон нөміріңізді немесе пошта мекенжайыңызды көрсетіңіз. Өңдеуді тоқтатып, деректерді 30 күн ішінде жоямыз және бұл туралы жауап жіберіп растаймыз. Заң бойынша сақтауға міндетті деректер (мысалы, жасалған шарттар бойынша) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін сақталады.

Тек хабарламалардан бас тарту үшін: WhatsApp-та «Стоп» немесе «Тоқта» деп жауап беріңіз — нөмір бірден тоқтату тізіміне енгізіледі; хаттарда «Отписаться» (жазылымнан бас тарту) сілтемесі бар (сілтеме мәтіні орыс тілінде).

9. Саясаттың өзгерістері

Біз бұл саясатты жаңартып отыруымыз мүмкін. Өзекті редакциясы әрқашан tarlan-sarbaz.kz/kz/privacy мекенжайында, орыс тілінде — tarlan-sarbaz.kz/privacy мекенжайында қолжетімді.